Ағымдағы жылдың 18 сәуір күні Жалағаш, Сырдария аудандарында «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы бойынша «Сыбайлас жемқорлық- қоғам дерті» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу барысында «Әділдік жолы» РҚБ облыстық филиалының төрайымы Бақтыбаева Ляззат Шайзадақызы, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының бас маманы Жанар Жалғасбайқызы аудан тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесуде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және заңдарға енгізілген соңғы өзгерістер туралы баяндама жасалып, қатысушылар тарапынан сауалдарына жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер жасалды.