Аудан тұрғындары арасында құқықбұзушылық, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында ақпараттық-насихау мақсатында кездесу өткізілді.
Ағымдағы жылдың 19 сәуір күні Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру” жобасы аясында кездесу өтті.

Кездесу барысында «Әділдік жолы» РҚБ облыстық филиалының төрайымы Бақтыбаева Ляззат Шайзадақызы, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының бас маманы Жанар Жалғасбайқызы аудан тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесуде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және заңдарға енгізілген соңғы өзгерістер туралы баяндама жасалып, қатысушылар тарапынан сауалдарына жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер жасалды.