Жалағашта «Ораза айт» мерекесіне орай сайыс өтті

Ұлттық ойындар – ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтардың бір түрі. Оның бастауы тым тереңде, ғасырлар қойнауында жатыр. Осы ойындар негізінде әр халық әртүрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды. Бұл бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығын жақсарта түсуде пайдасы зор екені белгілі. Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына. Сондықтан халықтық мұраны үйренудің әрі күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде орасан пайдасы тимек. Осы ретте Жалағаш аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Аудан көлемінде діни экстремизмінің алдын алу бағытындағы шаралар» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж 21 сәуір күні Жалағаш аудандық қоғамдық даму бөлімі мен “Асыл Мұра-Орда” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Ораза айт» мерекесіне орай Жалағаш ауданы көлемінде ресми тіркелген діни бірлестіктерге келушілер арасында халыққа танымал спорттың 4 түрінен (гір көтеру, арқан тарту, қол күресі, қазақ күресі)   сайыстар ұйымдастырылып, өткізілді. Сайысқа 15 команда  қатысты.

Қатысушылар арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және қаржылай сыйлармен марапатталды.  Соның ішінде:

I-орын Жалағаш кенті командасы 100 000 теңге

II-орын Ақсу ауылы командасы 70 000 теңге

III-орын Мәдениет ауылы командасы 50 000 теңге жүлделі орындар мен дипломдармен және кубоктармен марапатталды. Сайысқа қатысқан  қалған әр командаға алғыс хаттар мен 15 000 теңге қаржылай сыйақы берілді. Шараның жақсы өтуіне атсалысқан Жалағаш аудандық орталық Иманқұл Мешітінің ұжымына және шаралардың жоғары деңгейде, сайыстардың тартысты өтуіне атсалысқан мамандарға үлкен алғыс білдіреміз!

Related posts