Сот кабинеті арқылы сотқа жүгіну

 «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы сотқа электронды түрде талап-арыз, шағым, өтініш беруге, мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеуге және жалпы сот ісіне қатысты барлық құжаттармен танысып, қадағалап отыруға болады.

Сот кабинетінің мақсаты – азаматтар мен уәкілетті органдарға Сот кабинеті сервисінің жаңа мүмкіндіктерін, қолдану барысын түсіндіру.  IOS мобильдік платформасындағы «Сот кабинеті» мобильдік қосымшасы – IOS, Android және Windows Phone мобильдік қосымшасы сервистерінің интерфейстерін сипайтайды. Пайдаланушыларды мобильдік қосымшада тіркеу сервисінің web нұсқасына қарағанда өзіндік артықшылықтары да бар. Тіркелу үшін пайдаланушы келісіміне алдын ала қол қойып, азамат өзінің ЖСН және ұялы телефон нөмірлерін көрсетсе де жеткілікті. Көрсетілген ұялы телефон нөміріне қосымшаға кіру үшін хабарлама арқылы құпия сөз келеді.

Сонымен қатар, осы сервисті пайдаланушыларға «көмек» көрсету бағыты енгізілген. Онда сот кабинетін пайдалану бойынша нұсқаулық, сот кабинетімен жұмыс істеу жөніндегі анықтама, «Сот кабинет» мобильді қосымшасының пайдаланушы нұсқаулығы және «Пайдалы сілтемелері» сервисі ұсынылған. «Сот кабинеті» веб-нұсқасымен «Сот кабинетінің мобильдік нұсқасы» қосымшасында жаңалықтар, істерді қарау тізімдері, тапсырылған құжаттар, хабарландырулар, сот процесі қатысушыларының күнтізбесі және чат сервистері үйлестірілген.

Сот кабинетінің мобильді қосымшасындағы жаңалықтар сервисі істерді қарауға, нақты сот органы бойынша таңдап алу мүмкіндігімен тағайындалған сот отырыстары туралы ақпаратты (өткізу күнін, орнын, уақытын) онлайн режимде табуға; тапсырылған құжаттар сервисі осы қосымшаны пайдаланушыға мобильдік қондырғыға жүктеу мүмкіндігімен сот органдарына Сот кабинеті веб-сервисі арқылы жолданған барлық құжаттарды көруге; хабарлау сервисі – пайдаланушыға сот органдарына берген сот құжаттарының мәртебесін бақылап отыруға; сот процесі қатысушыларының күнтізбесі сервис, күнтізбеге оқиғаларды қосуға, сондай-ақ сіз процесс қатысушы болып табылатын сот отырыстары туралы мәліметтерді көрсетуге; чат сервисі қосымша пайдаланушыларына мәтіндік хабарламалармен алмасуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар сот кабинетін пайдаланушы «Іс-құжаттары бойынша құжаттар»  бөлімі  арқылы пікір, қарсы талап қою, сот процесінің хаттамасына ескертулер, атқару парағын жолдау туралы өтініш, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыз, сот актілерінің көшірмелерін беру туралы арыз және осы секілді басқа да өтініштерді бере алады.

Аманкуль Туменбаева,
Қызылорда қалалық сотының бас маманы,
сот отырысының хатшысы

Related posts