Көлік құралын басқарған соң жүргізуші міндетті түрде жол ережесіне бағынады. Егер жол ережесін болмашы деңгейде бұзса, онда жүргізушіні және бейкінә жүргізуші мен жолаушыларға қауіп төнеді. Сондықтан жолдағы қылмыстылықтарды болдырмаудың ең бірінші шарты, ол – жол ережелерін білгендік.
Бүгінде облысымыздың үстінен кесіп өтіп жатқан автодәліздің пайдаланбайтын жүргізуші жоқ шығар. Ереже бұзып, қылмыстардың да көптеп орын алатын жері осы дәліз. Ендеше сол жүргізушілер тарапынан жасалатын заңсыздықтардың алдын алу мақсатында автомагистральдарда неге тыйым салынады, соған тоқталсақ:
1) көлік құралынан тыс жаяу жүргіншілердің, сондай-ақ үй жануарларының тұруына, велосипедтерді, мопедтерді, тракторларды және өздігінен жүретін машиналарды, сондай-ақ техникалық сипаттамалары немесе олардың жай-күйі бойынша жылдамдығы сағатына 40 километрден кем өзге де көлік құралдарын басқаруға;
2) рұқсат етілген ең жоғары массасы үш мың бес жүз килограммнан асатын жүк автомобильдерін екінші жолақтан әрі басқаруға;
3) 5.15 немесе 6.11 белгілерімен белгіленген, тұраққа арналған арнайы алаңдардан тыс жерлерге аялдауға;
4) бөлу жолақтарының технологиялық айырымдарында кері бұрылуға және оған кіруге;
5) артқа қарай жүруге;
6) жүргізіп үйренуге тыйым салынады.
Міне, осы талаптарды бұзу құқықбұзушылық, қылмыстылық болып есептеледі. Сондықтан осы талаптары қатаң сақтап, жол ережелерін бұзбай жүруіміз керек.
Қ.Абдуллаев,
Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы