Облыстық қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес «Ұлттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, тұрғындар арасында бірлікті, әлеуметтік оптимизм мен болашаққа деген сенімділікті нығайту» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 24 қазан күні «25 қазан – Республика күніне» орай ел дамуына елеулі еңбек сіңіріп, азаматтық ұстанымдарын еліміздің саяси дамуына жұмсап жүрген бірқатар азаматтық қоғам өкілдерін марапаттады. Басқосуда қоғамдық даму басқармасының басшысы жиналғандарды мерекемен құттықтап, аймақ дамуы жолында сіңірген еңбектері үшін алғыс айтты.
Салтанатты шарада аймақтың элеуметтік-экономикалық дамуына үлесін қосып, ірі әлеуметтік жобаларды, әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметті жүзеге асырып жүрген өңірдегі бірқатар кәсіпкер, меценаттарға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қайырымдылық үшін төсбелгісі» табысталды. Сонымен қатар «Білім беру, ғылым, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу» номинациясы бойынша бірқатар үкіметтік емес ұйымдар дипломдармен марапатталса, азаматтық қоғамды дамыту жолында аянбай еңбек еткен азаматтық сектор жетекшілері алғыс хаттармен және облыс әкімінің арнайы алғыс хатымен марапатталып, гүл шоқтары табысталды.
Мерекелік шара аясында қатысушылар жүрекжарды лебіздерін білдіріп, азаматтық қоғам өкілдеріне көрсетілген құрмет пен ілтипат үшін алғыстарын жеткізді.


