Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран» патриоттыққа тәрбиелеу бойынша әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 24 қазан күні Әскери техникалық мектептің алаңында Республика күніне орай «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!» атты жастармен патриоттык акция өткізілді.
Патриоттық акцияға М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледждің студенттері мен жетекшілері, Қызылорда Авицина Медицина колледжінің студенттері жетекшілері, Қызылорда Болашақ университетінің студенттері мен жетекшілері және Әскери техникалық мектептің курсанттары қатысты.
Акция барысында Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалып,
ерлігімен елге танылған алдыңғы буын ардагер ағаларымыз Әскери техникалық мектептің директоры Рахметулла Мұхамбетов, Ауған соғысының ардагері, «Ерлік» үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Баймаханов Қайраддин Әлібайұлы, Ардагерлер одағының «Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың» Қызылорда облыстық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Орынбайұлы, «Қызылорда облысы бойынша Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығыстарды реттеуге қатысқан, қимылдарының ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
Төлегенов Болатбек Шымбайұлы сөз сөйлеп, жастарды Республика күнімен құттықтап, көк байрағы желбіреген абыройы асқақ, мәртебелі кемел еліміздің болашағы жастар екенін айтып өтті.
Акцияның негізгі мақсаты–жастарды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт — дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеуге ат салысу.


