Шиеліде «Зорлық-зомбылыққа қарсымыз» семинар- тренинг және кездесулер өтті

Шиелі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» әлеуметтік жобасы аясында «Жалынды жастар» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырды.

Шараға АПБ-нің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкері Сактаганова Фарида Алиакбаровна, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы, аудандық аурухана гинекологы, жоба психологы Бисекова Зарина Жарылқасынқызы, жоба үйлестірушісі Мадиярова Шырайлым мен Әділбекқызы Меруерт қатысты.

Кездесу шаралары кезінде зорлық-зомбылықтың алдын-алу шаралары және мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау туралы айтылып өтілді.

Семинарда жоба психологы Зарина Жарылқасынқызы сала мамандары және қатысушыларға психологиялық жаттығулар ұйымдастырып, «Қамқорлық — Шиелі» дағдарыс орталығының жұмысы туралы айтып өтті.

Related posts