Бүгінгі күннің болмысы Республиканың мемлекеттік-құқықтық институттарының жүйесі ретінде Қазақстан Республикасы Конституциясының сақталуын мемлекеттін атынан жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, қылмысқа карсы күресте құқық қорғау және өзге де органдардың қызметін үйлестіретін, өз кезегінде, заңдардың, азаматтардың құқықтарын қорғауға және мемлекеттік мүдделердің сақталуына ықпал ететін көп функционалды орган ретінде прокуратура органдарының құқықтық мәртебесін заңнамалық тәртіппен кеңейтуді талап етеді.
Сондықтан Қазақстан Республикасы Заңымен «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі кездейсоқтық емес.
Қазақстан Республикасында прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру және оның қызметі мәселелерін қарастыра отырып, мыналарды есте сақтау кажет: біріншіден, прокурорлық кадағалау — бұл прокуратурадан басқа ешқандай да басқа мемлекеттік, қоғамдық, өз бетінше немесе өзге ұйымдар, мекемелер немесе лауазымды адамдар жүзеге асыра алмайтын мемлекеттік кызметтің дербес өзгеше түрі. Екіншіден, прокурорлық қадағалау мемлекеттің – Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады.
Мұның маңыздылығы, прокурор қадағалауды жүзеге асыра отырып, құқық бұзушылықтарды анықтайды, оларды жоюға және жекелеген жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, атқарушылық немесе сот билігінің атынан емес, мемлекет жүйесіне біріктірілген барлығының атынан жалпы мемлекеттің мүддесіне сәйкес жекелеген органдардың, ұйымдардың, мекемелердің, лауазымды немесе жеке адамдардың мүддесін білдіріп, кінәлілерді жазалауға шаралар қабылдайды.
Үшіншіден, прокурорлық қадағалау — мемлекеттік қызметтің дербес түрі. Оның мемлекеттік қызметтің басқа түрлерінен айырмашылығы Қазақстан Республикасы Конституциясының нақты сақталуын, заңдардың талаптары орындалуын, өзге де құқықтык актілердің заңға сәйкестігін және анықталған құқық бұзушылықтарды заңмен тек прокуратураға берілген құралдардың көмегімен жоюға шаралар қабылдануын тексеруден тұратын осы қызметтің мазмұнының өзгешелігімен айқындалады.Төртіншіден, прокуратура Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беретін орган болуына қарамастан, Конституцияға сәйкес ол барлық актілерге, соның ішінде мемлекет басшысының актілеріне де жоғары кадағалауды жүзеге асырады. Прокурорлық қадағалауды мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретінде мемлекет атынан жүзеге асырылатын арнайы уәкілдік берілгсн адамдардың — прокурорлардың — бұзушылықтарды дер кезінде анықтау және оларды жоюға шаралар қабылдау, кінәлілерді жауапкершілікке тарту, кылмыстық қудалауды жүзеге асыру арқылы заңдардың дәл орындалуын және бірыңғай қолданылуын (орындалуын) жоғары қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызмет ретінде сипаттауға болады.
А.Д.Абилдаев,
ҚР Бас Прокуратурасы құқықтық статистика
және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің
Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастығы