Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Аймақта отбасылық-демографиялық саясатты дамыту» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 15 мамыр күні сағат 15.00-де «Анаға тағзым» орталығының 3 қабаты мәжіліс залында «Сыр Аналары» қоғамдық қорының төрайымы Мұсаева Нұрсәуле Дүйсенбайқызының қатысуымен «Отбасы құндылықтары және ұлттық тәрбие» тақырыбында әйелдердің қоғамдағы орнын жақсартуға, отбасылық демографиялық саясатты дамытуға және қоғамдық-саяси өмірдегі әйелдердің белсенді араласуын арттыру бағытында дөңгелек үстел өткізілді.



15 мамыр — Халықаралық отбасы күні. Бұл күн отбасы құндылықтарын ілгерілетуге және мерейлі отбасылардың қоғамда оң имиджін қалыптастыруға, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін жоғарылатуға ықпал ететін ерекше мереке.
Шара барысында Нұрсәуле Дүйсенбайқызы тақырыпқа сай еркін форматта аналармен сұхбат жүргізді.
Шара соңында аналарымызға гүл шоқтары табысталып, естелік суретке түсті.