Б.Қалдыбаев
Жаңақорған аудандық сотының бас маманы,
сот отырысының хатшысы
Сыбайлас жемқорлық–заманмен бірге өсіп-өркендеп, тамыр жайып бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдердің бірі. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу-мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы, осы кеселге қатаң бағытталған мемлекеттік бағдарлама жоғары деңгейдегі жауаптылықпен іске асырылуда. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек.
Мамандар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары үнемі бақылауға алынған Қазақстан Республикасының әр азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра білсе елеміздің дамуы бұданда биік дәрежеге көтерілер еді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы «Заң қабылданғаннан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Парақорлықтың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді.Бүгінгі таңда әлеуметтік аурудың алдын алу және әшкерлеу үрдісі жылдан жылға өсе түсуде.
Парақорлық көбінесе мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе деллдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сонымен қатар қолында билігі бар, шешім шығаруға, бөліп бергізуге өкілеті жететін қызметкердің айналысып отырғанын көрсетіп берді. Елімізде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыспен күресті күшейту шараларына орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу — мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы, осы кеселге қатаң бағытталған мемлекеттік бағдарлама жоғары деңгейдегі жауаптылықпен іске асырылуыда.
Қазіргі заманғы әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуды күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілу үстінде.Әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресу маханизимінің барлық елдерге тиімді болатын бірегей жинағы жоқ. Әрбір мемлекет қолданатын сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістерінің жиынтығы өзгеше, ол елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрпы мен салт –дәстүрлеріне, діни ерекшелігі мен құқықтық мәдениет деңгейіне және аумағы бойынша алатын жеріне, халқының саны мен орналасу тығыздығына да байланысты болып келеді. Құрметты әріптестер бұл қоғамдық індетпен қоғам болып күресуге ат салысайык, сыбайлас жемқорлыққа жол бермейік!