Қазалы аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 19-21 мамыр күндері аралығында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы Әбу Ханифа ғылыми зерттеу орталығында ғылыми қызметкері, исламтану кафердасында аға оқытушы Ілімбаев Ризабек Батталұлының қатысуымен түрлі контингентпен іс-шаралар өткізілді. Соның ішінде Қазалы ауданында «Нұралы» мешітінің жамағатымен «Дәстүр мен дін» тақырыбында, Әйтеке би кент әкімдігінде АТТ мүшелері және мектеп психологтары, дінтану пәнінің мұғалімдерімен, Қазалы аудандық ішкі істер бөлімі және төтенше жағдайлар бөлімі мамандарымен «Жат ағымның алдын алу» тақырыбында, аудандық «Халық» мешітінің жамағатымен «Момынның сипаты» тақырыбында, аудандық жастар ресурстық орталығының мамандарымен «Жат ағыммен жұмыс жасау» тақырыбында, Қазалы аудандық орталық мешітінде дін қызметкерлерімен «Жат ағым өкілдері» тақырыбында кездесулер өткізілді.


