Арал аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Арал ауданы тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діниағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 19-21 мамыр күндері аралығында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы Әбу Ханифа ғылыми зерттеу орталығында ғылыми қызметкері, исламтану кафердасында аға оқытушы Ілімбаев Ризабек Батталұлының қатысуымен түрлі контингентпен іс-шаралар өткізілді. Соның ішінде Арал аудандық орталық мешітінің жамағатымен «Ізгі амалдың пайдасы» тақырыбында, №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде қызметкерлерімен, Арал аудандық мәдениет үйінде Атт мүшелері, орта мектептердің тәрбие – ісі жөніндегі орынбасарлары мен дінтану және тарих пәні мұғалімдері, учаскелік полиция қызметкерлері, әскери бөлім қызметкерлері, аудандық көпбейінді аурухана қызметкерлері, мәдениет және кітапхана қызметкерлі, жастар ресурстық орталығының мамандарымен, Сексеуіл кентінде локомотив пайдалану депосы қызметкерлері, орта мектептердің тәрбие – ісі жөніндегі орынбасарлары мен дінтану және тарих пәні мұғалімдері, емхана қызметкерлері және кент жастарымен, №20 Арал ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде «Жат ағым» тақырыбында, Арал аудандық орталық мешітінде қала, кент ауылдық округі дін қызметкерлерімен «Жат ағыммен жұмыс» тақырыбында, Сексеуіл кентінде Орталық мешіт жамағатымен «Мұсылманның сипаты» тақырыбында кездесулер өткізілді.


