«Жемқорлық — қоғам дерті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 11 маусым күні «Денсаулық үйі» ғимаратының мәжіліс залында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Қаржаубаева Ляззат Майлыбайқызы және Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және талдау, әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің заңгері Аблаева Аида Бакболатқызының қатысуымен «Жемқорлық-қоғам дерті» тақырыбында облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты барлық ауруханалар мен емхана заігерлері және қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізілді.

Ляззат Майлыбайқызы құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықбұзушылық, қылмыстылық, және тағы да басқа бірқатар мәселелер туралы және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы мен заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы туралы баяндама жасады. «Сыбайлас-жемқорлық» деген ұғымды түсіндіру, оның пайда болу жағдайлары, қоғам дамуына тигізетін кері әсерлері және олардың жолдарын кесу, біздің қоғамымызды қалыптастырып дамытатын жас жеткіншектеріміздің санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра алатын мәдениетті қалыптастыру бағытында түсіндірді.

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және талдау, әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің заңгері Аида Бекболатқызы мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен жалпы ұлттық негізде күресу екенін айта келе, облысымызда сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастыру бойынша халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары, жастар арасында кездесулер, білікті заңгерлердің ұжымдармен сұхбаттар және басқада көптеген шаралар жүргізіліп жатқаны жөнінде атап өтті. Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені жөнінде ақпараттар айтып өтті.

Шара соңында қатысушылардың тақырып төңірегінде қойылған сауалдарына жауап берілді.

Related posts