Мықтыбаева Бақыт Аманкелдіқызы
«Ерлік — елге мұра, ұрпаққа ұран» жобасының жетекшісі
Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының тапсырысы негізінде «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран» әлеуметтік жобасы аясында, Қызылорда қаласы №5547 әскери бөлімінің жаттығу аланыңда, 6 шілде – Қазақстан Республикасының Астана күніне орай «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігінің ұйымдастыруымен әскери — спорттық сайыс өтті.
«Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран» ұранымен өткен іс-шараның мақсаты – әскери қызметкерлер арасында әртүрлі патриоттық жарыстар өткізу, нормативтер тапсыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Іс-шара барысында ұйымдастырушылар қатысушыларды тіркеп, одан соң Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды.
Аталған сайыстың алғы сөзін алған №5547 әскери бөлім командирінің орынбасары подполковник Оспанкулов Ерлік Ерланұлы қатысушыларды егеменді еліміздің Астана күнімен құттықтап, іс-шара ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, алдағы уақытта әскери қызметкерлер арасында басқа да сайыс, іс-шаралар өткізіліп тұратынына сенім білдіретінін жеткізді.
Айта кетейік, спорттық сайыс 3 кезең бойынша өтті. Алдымен қатысушылар «Белтемірге тартылу» және «100 метрлікке жүгіру» сайыстары бойынша сынға түсті. Одан кейін «Қаруды шашып құрастыру» нормативтерін тапсыру арқылы бақтарын сынады. Сайыс нәтижесімен қатысушы сарбаздар І, ІІ, ІІІ орын иеленді. Жеңімпаздарға арнайы сый-сыяпат пен дипломдар табысталды.
Қатысушы әскери қызметкерлер сайыстың жоғары деңгейде өткеніне риза болып, іс-шара соңында қонақтармен естелік суретке түсті.