Облыстық қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес «Аймақта отбасылық-демографиялық саясатты дамыту» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 16-17 шілде күндері Жалағаш, Қармақшы, Қазалы, Арал аудандарында психолог, педогогика ғылымдарының магистрі Қойшыбаева Қарлығаш Балтабаевнаның қатысуымен әр отбасында мейірімді қарым-қатынас орнатып, ата-ана мен бала және ерлі-зайыптылар арасындағы түсіністікті қалыптасыруға атсалысу мақсатында «Тату отбасы, жарасымды жұп, бақытты бала» тақырыбында семинар-тренингтер өткізілді.
Шара барысында Қарлығаш Балтабаевна жанұя берекесі мен құндылықтарын сақтай білу, өмірдегі түрлі отбасылық мәселелердің шешімін табу, бала тербиесі туралы жастарға, жас отбасыларға бағыт бағдар берді.
Тренер семинар-тренингті еркін форматта жүргізіп, отбасы туралы көптеген тың ақпараттар беріп, психологиялық қызықты ойындар мен практикалық тапсырмалар ұйымдастырды. Жанұялық өмірде кездесетін қиындықтарды бірлесе жеңу керектігін атап өтті. Отбасындағы татулық, сыйластықты сақтау жөнінде кеңестерін айтып, тұшымды ой-пікірлермен бөлісті.

