Облыстық қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес «Ұлттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, тұрғындар арасында бірлікті, әлеуметтік оптимизм мен болашаққа деген сенімділікті нығайту» әлеуметтік жобасы аясында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Гуманитарлық-педогогикалық
институтының директоры Тайман Сағат Тамшыбайұлының қатысуымен «Тарихқа тағылым — өткенге тағзым» тақырыбында танымдық іс шара өтті.
Шара барысында Сағат Тамшыбайұлы тарихымыздың өткеніне шолу жасап, тарихи кезеңдерде өмір сүрген тұлғалардың болмысын көрсетіп, олардың есімін кейінгі ұрпаққа аманат ету, сол арқылы жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рухын қалыптастыру мақсатында тақырыпты ашып түсіндіре білді.
Шара соңында жиынға келушілер тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, ой-пікірлер айтылды.

