Туған тілім – тірлігімнің айғағы

М.Жусупбекова
Қызылорда қаласының
№2 сотының сот әкімшісі 

«Туған елім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссетілім, менде бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін!» – деп, ақын Әбілдә Тәжібаев атамыз жырлағандай, тіл қай елде болса да құрметті, құдіретті.  Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың  бастауы.  Тіл – халықтың рухани  байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Әркімнің тілге деген құрметін – өз анасына, өз ұлтына, өз Отанынан деген құрметінен білуге болады. Ана тілі – анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарып, жүректің терең сырларын, халықтың  басынан  кешкен  дәуірлерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын  қазына. Қай халықтың болмасын тілі – өзіне тән қымбатты да қимас байлығы, қазынасы. Сол сияқты біздің де ана тіліміз – алтындай асылымыз, мөлдір маржанымыз, ғажайып гауһарымыз.

Тәулік сайын түрленген өзгермелі әлемде өркениет биігіне ұмтылған кез-келген ел ата-бабасынан  аманатқа қалған және қазіргі заманның ағымына қарай  жаңарып, толығып, жаңа  сипатқа  ие  болған құдіретті тілі арқылы ғана  ұлттық  болмысы мен тәуелсіздігін сақтай алады.

Мемлекетіміздің ішкі саясаттағы басым бағыттарының бірі – мемлекеттік тілді дамыту мен қоланыс аясын кеңейту. Мемлекеттік тілдің қолдану  аясын одан әрі кеңейту  мақсатында сот саласы  қыметкерлерінің  ішкі құжат айналымы толық қазақ тілінде жүргізіледі деп айтуға болады. Сот өндірісіндегі  кіріс, шығыс және ішкі құжаттар қазақ тілінде жүргізіледі. Мемлекеттік тілді меңгеру әрбір  азаматтың борышы.

Мемлекеттік  тіл – біздің рухани негізіміз. Туған  тілін  мақтан ету, оны  таза сақтау, оның өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңіру- кез келген ұлт өкілінің  қасиетті  парызы. 

Related posts