Жастар ресурстық орталығында семинар өтті

Облыстық қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 31 шілде күні сағат 11.00-де Сол Жағалау, Жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында үкіметтік емес ұйымдарға арналған «Алға басқан азаматтық қоғам» атты оқыту семинары өткізілді.
Семинар барысында қазіргі таңда өте қажетті тақырыптар «ҮЕҰ-дың дерекқорына» тіркелу, «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар порталымен» жұмыс жасау және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның «Мемлекеттік гранттарына өтінімдер жазу, тапсыру», мемлекеттік сатып алу порталында ҮЕҰ-ды бағалау критерийлеріне қарай бағалау жолдары бағыттары бойынша ақпараттар берілді.
Семинарды тренер «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның жобаларды басқару департаментінің бас менеджері – Айтмамбетова Айжан жүргізді.
Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысқа, мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс жүргiзудiң нормативтi құқықтық шегіне, бюджеттiк мәлімдемені қалыптастыру тәртiбiне, конкурстық құжаттамаға, техникалық сипаттамаға және басқа да конкурстық құжаттарыдың толтырылуына ерекше назар аударып, кеңінен түсіндірілді.
Шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, пікір алмасты.

Related posts