Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарымен «Тұлғамен сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасау туралы мәліметтерді беру» мемлекеттік қызметті іске асырылған.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 18.05.2020 жылғы №64 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдарымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидасы бекітілген (бұдан әрі – Қағида) (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 20 мамырда № 20674 нөмірімен тіркелген).
2022 жылы 21 шілдеде «Тұлғамен сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасау туралы мәліметтерді беру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша Қағидаға өзгертулер енгізілді. Қағиданың 3-Қосымшасымен тұлғамен сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасау туралы мәліметтерді берудің бірыңғай нысаны бекітілді.
Мұндай ақпаратты басқа нысанда беру қарастырылмаған.
Қазіргі уақытта мемлекеттік қызмет көрсету бойынша функционал іске қосылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру Азаматтарды/Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту/ жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу бөлімінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Қызмет көрсетудің мерзімі – 10 (он) минут, қосымша анықтамалық тексерулер жүргізілген жағдайда – 5 (бес) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны Электрондық (толық автоматтандырылған).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушыға қосымша анықтамалық тексеріс жүргізген жағдайда, 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші өтінішті алған кезден бастап 20 (жиырма) жұмыс күні өткеннен кейін қайта жүгіну қажеттілігі туралы хабарланатын аралық жауап жібереді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) электрондық нысанда көрсетіледі.
Сұрау салуды өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші сұрау салудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ААЖ) келіп түскен кезден бастап жүзеге асырады.
ААЖ-да көрсетілетін қызметті алушының сауалнамалық деректерінің ААЖ-ның тексеру сәйкестендірушісі бойынша сәйкестіктері болмаған кезде сұрау салуға осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы жауап электрондық құжат түрінде 10 (он) минут ішінде жіберіледі.
Түпкілікті процестік шешім қабылданбаған сыбайлас жемқорлық баптары бойынша қозғалған қылмыстық іс болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанында көрсетілген мәліметтердің болуы туралы хабарлама жібереді.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі порталға жіберіледі және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ- сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» сақталады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – үшінші тұлғалар) портал арқылы электрондық нысанда басқа жеке тұлғаға қатысты оның келісімі болған жағдайда көрсетілуі мүмкін.
Үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы мәліметтер сұратылып отырған адам порталда «жеке кабинеттен», сондай-ақ порталда тіркелген адамның ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы портал хабарламасына жауап ретінде бір реттік парольді жіберу немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен келісім берген жағдайда орындалады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту — жоқ.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, сондай-ақ қашықтықтан қол жеткізу режимінде 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда, портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Дана Ақылбекова,
ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының бөлімінің прокуроры
«Сыр Дидары» газеті, №6 (530) санында жарияланған мақала