Тұрғындармен кездесу өтті

⚜️Жаңақорған аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында «Асыл мұра — Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 16-17 қыркүйек күндері эксперт дінтанушы, теолог, РАТТ (республикалық ақпараттық түсіндіру тобының) мүшесі, “Экстремизм:ғылыми-тәжірибелік акспектілер” еңбегінің авторы Сүлейменов Жандаулет Отарбайұлы аудан тұрғындары, жастар, еңбек ұжымдары мен дін қызметкерлерімен кездесулер өткізді.
⚜️Шаралар барысында ғаламтор зияны мен пайдасы,діни экстремизм мен терроризмнің қауіптілігі, діни ақпараттарды дұрыс сайттардан алу, отбасы құндылықтары және зайырлылық қағидаттары жайлы кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
⚜️Шара соңында өзара пікір алмасулар болып, қойылған сауалдарға жауап берілді.

Related posts