СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА СҰХБАТ АЛАҢЫ ӨТКІЗІЛДІ


⚜️Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 17-18 қыркүйек күндері М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі, Қызылорда медициналық жоғары колледжі , Қызылорда Авиценна Медициналық колледжінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс — офицері Жаппасбаев Әлібек Бақытжанұлы мен Қазақстан Республикасының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің, (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қызылорда облысы бойынша департаментінің жанындағы, мемлекеттік қайраткерлер мен құрметті мемлекеттік қызметкерлер арасынан құрылған спикерлер пулының мүшесі Айтбенбетов Болатбек Серікбайұлы қатысуымен «Жемқорлықсыз қоғамға қадам» тақырыбында жастармен сұхбат алаңы өткізілді.
⚜️Спикерлер жастарға құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықбұзушылық, қылмыстылық, және тағы да басқа бірқатар мәселелер туралы айтып өтті.

Related posts