Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 24-27 қыркүйек аралығында Қызылорда облысында қарасты Арал, Қазалы, Қармақшы, Жаңақорған, Шиелі, Жалағаш, Сырдария аудандарында «Адал еңбек — абыройлы қызметкер — беделді билік» тақырыбында аудандық мемлекеттік қызметкерлермен және заңгерлерімен кездесулер өткізілді. Шаралар барысында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Қаржаубаева Ляззат Майлыбайқызы баяндама жасап, құқықтық сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықбұзушылық, қылмыстылық, және тағы да басқа бірқатар мәселелер туралы және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы мен заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы туралы айтып өтті. Сонымен қатар,«Сыбайлас-жемқорлық» деген ұғымды түсіндіру, оның пайда болу жағдайлары, қоғам дамуына тигізетін кері әсерлері және олардың жолдарын кесу, біздің қоғамымызды қалыптастырып дамытатын жас жеткіншектеріміздің санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра алатын мәдениетті қалыптастыру бағытында түсіндірді.
Шара соңында қатысушы жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

