1 қазан  – Халықаралық қарттар  күніне орай  «Ардагерін ардақтаған ел ардақты» тақырыбында   облыстық конференцияөткізілді

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының тапсырысы негізінде «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран!» әлеуметтік жобасы аясында, «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігі мамандарының  ұйымдастыруымен,  облыстық жастар ресурстық орталығының   залында    2024 жылдың  30 қыркүйекте1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай«Ардагерін ардақтаған ел ардақты»   тақырыбында,  үкіметтік емес ұйымдардың ардагерлердің арасында облыстық конференция өткізілді.  

Облыстық конференция Қазақстан  Республикасының  Әнұраны орындалуымен басталды. 

Аталған шараның алғы сөзін алған Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысының орынбасары ӘБІЛДАЕВ Қуаныш Әділбайұлына берілді.

Одан кейін Ардагерлер одағының «Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың» Қызылорда облыстық қоғамдық бірлестігінің орынбасары  ОРЫНБАЙҰЛЫ Марат «Жастарды Отан сүйгіштікке баулу» тақырыбында, төтеншежағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы Республикалық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары  ҚОЙШЫҚАРАЕВ Тілеген Шақарұлы «Еңбектеріңіз ел есінде»  тақырыбында, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан 5547 әскери бөлімінің майоры Жанұзақ ЕРТУҒАНҰЛЫ «Жастарға патриоттық тәрбие беру» тақырыбында және І. Қабылов атындағы 12 ІТ мектеп-лицейінің алғашқы әскери дайындық (НВП) мұғалімі КҮНДАУЛЕТОВ  Нұркен Қайратұлы «Жастардың арасындағы әскери тәрбие» тақырыбында баяндамалары оқылды. 

Қатысушылар концерттік бағдарламадан кейін ардагерлерге арнайы  жасалған дастарханға  жайғасты.

 Ардагерлер конференцияның жоғары деңгейде өткеніне  ризашылықтарын білдіріп, іс-шара сонында қонақтармен естелік суретке түсті

Related posts