Шиелі қоғамдық даму бөлімінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» жобасы аясында ағымдағы жылдың 08 қазан күні Шиелі индустриалды техникалық колледжі және Шиелі аудандық көп бейінді орталық ауруханасының 1 қабатында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында Қазақстан Заңгерлер одағының мүшесі, «Әділет» құқықтық қызмет көрсету орталығының жетекшісі, Заң консультанты Дәулет Ізбасарұлының қатысуымен қоғамдық қабылдау өткізілді.
Қоғамдық қабылдау барысында аудан тұрғындары мен жастарына заңгер Дәулет Ізбасарұлына өздеріне қажетті сауалдарын қойып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қызметкерлерге пара ұсынылған жағдайда жасалуы тиіс іс-әрекеттер қадамы, әкімшілік жауапкершілік пен айыппұлдар көлемі туралы ақпараттар алды.
Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу, патриоттық тәрбие қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықпен күресте, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке сенімін нығайту бүгінгі таңдағы басты міндет.

