Облыстық қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 9-16 қазан күндері аралығында Шиелі, Жалағаш, Сырдария, Қазалы аудандарында үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен жергілікті атқарушы орган басшыларының кездесуі өткізілді.
Кездесу барысында қоғамдық даму бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің бас мамандары жұмыс барысында атқарылып жатқан функциялары, жоспарлары мен бюджеттік бағдарламалары, 9 айлық мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өткізілген шаралар және келер жылға жоспарланған жобалар туралы, 2025 жылдың жоспарлары туралы баяндап, кеңінен ақпарат айтып өтті.
Кездесу соңында үкіметтік емес ұйымдар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер айтылды.

