⚜️Шиелі қоғамдық даму бөлімінің «Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру қызметі» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 11 қазан күні РАТТ мүшесі, теолог Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлының қатысуымен «Әлеуметтік желідегі діни сипаттағы ақпаратты қордалау және оны тарату қауіпі» тақырыбында Шиелі ауданы жастарымен кездесу өткізілді.
⚜️Кездесуді Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Есенбаев Кенжехан Шахизатұлы ашып, сөз кезегін Бақтияр Есенгелдіұлына берді.
⚜️Кездесу барысында Бақтияр Есенгелдіұлы әлеуметтік желінің зияны, ұлттық құндылықтар мен тәлім-тәрбие, интернетті дұрыс пайдалану, теріс ағымдардан сақтану жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
⚜️Шара соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарына жан-жақты жауаптар алды.
Әлеуметтік желідегі діни сипаттағы ақпаратты қордалау және оны тарату қауіпі
