Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының Қасқақұлан учаскесіндегі суат басындағы қарақұйрықтар

Жуырда Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының аумағында орналасқан суат басындағы қарақұйрықтардың бейнебаяны жарияланды. Бейнебаянда қарақұйрықтардың 3 ересек даралары мен 1 лағы бейнеленген. Қорықта 2023 жылғы деректерлер бойынша 272 бас қарақұйрықтар бар. Бұл жануарлар дүниеж үзі бойынша санының аз болуынан Қызыл кітапқа енгізілген.

Қарақұйрық — сымбатты жануар, сирақтары ұзын әрі жіңішке. Денесінің жоғарғы жағының тері жамылғысы қыста ашық қоңыр немесе құм тектес, жазда сұп-сұр. Денесінің төменгі жағы және құйрығының айналасындағы «айна» аппақ. Құйрығы қара-қоңыр түсті; қатерден қашқан кезде оны тік ұстайды.
Негізгі мекендейтін жерлері – түрлі, негізінен, тастақты және сазды, кейде өсімдіктері бар құмды шөлдер. Қыста қарақұйрықтар қар жамылғысы биік емес (10-15 см) жерлерде, жазда – суаттар бар жерлерде жүреді. Ашық жерде немесе қалың емес бұталы қопаларды жақсы көреді.
Көбіне ерте таңда және кеште белсенді, бірақ қыста күндіз де қоректенеді.

https://www.instagram.com/reel/DAXfiXiNUAm

А. Жылқайдаров
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының бөлім басшысы

Related posts