Аралда тұрғындармен кездесу өтті

Арал аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Аудан тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 22-23 қазан күндері Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Долиев Жапал Әмзебекұлының қатысуымен түрлі контингентпен іс-шаралар өткізілді.

Аудандық орталық мешітінде дін қызметкерлерімен, сондай-ақ, орта білім беру және кәсіптік білім беру жастары мен орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және мектеп психологтарымен жүздесті.

Кездесу барысында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Жапал Әмзебекұлы медиасауаттылық, әлеуметтік желіден діни ақпарат алудың қауіпті тұстары және ғаламтор беттерінде діни радикалдық бағыттағы ақпараттардан сақтану мен сыни ойлау, фактчекинг сынды мәселелер жайлы кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Related posts