ЭПОКСИДТІ ШАЙЫРДАН «RESIN ART» ТЕХНИКАСЫМЕН ЖАСАЛАТЫН ЕРЕКШЕ ӨНЕР ТҮРІ

Облыстық қоғамдық даму басқармасының тапсырысына сәйкес, «Аймақта отбасылық-демографиялық саясатты дамыту» әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра — Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 12-14 қараша аралығында Сол жағалау, Үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығында эпоксидті шайырдан «Resin Art» техникасымен жасалатын ерекше өнер түрінен шеберлік сағаты өткізіледі.
Іс-шараның мақсаты аналарымыз үйде отырып, кәсіпті бастап, әлеуметтік желіде жарнамалау арқылы балаларының жанында отырып-ақ, табыс табу.
Қазіргі таңда сұранысқа ие кәсіптердің бірі, эпоксидті шайырдан «Resin Art» техникасымен жасалатын ерекше өнер түрінен шеберлік сағатын жүргізген тренер Айдана Әбілханқызы.
Іс-шараға ерекше бала тәрбиелеп отырған жігерлі аналардың қатысуымен үш күндік шеберлік сағатының алғашқы күнінде форма мен түстерді анықтап, эпоксидті шайырды құйып дайындады . Екінші күні әбден қатқан формаға гүл немесе тастармен безендіру арқылы дизайнын орналастырды. Ал үшінші күні жасалған картинканың жан-жағын тазалады. Сонымен қатар әшекей бұйымдарды жасауды үйренді.
Шара соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталып, шеберлік сағатында аналарымыз өз қолымен жасаған картина-панноны өздерімен алып кетті.

Related posts