Облыстық қоғамдық даму басқармасының Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 20 қараша күні Сол жағалау, жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ-ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ КЕДЕРГІСІ» тақырыбындағы сурет сайысының қорытынды танымдық іс-шарасы өткізілді.
Шараға ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының бас маманы Болат Айнұр, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Қаржаубаева Ляззат Майлыбайқызы, С. Айтбаев атындағы көркемсурет галлереясының суретшісі Назаров Батырбек Жеңісбекұлы және ұстаздар мен марапатталушы оқушылары қатысты.
«Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының басшысы П.Қанжарбекқызы Қызылорда қаласына қарасты мектеп оқушылар арасында 100-ден аса қатысушы қатысқаны туралы, мектеп оқушыларымыздың дарынды, қабілетті екендігін және салынған суреттерінде сыбайлас жемқорлық ұғымын айқын анықтап, қоғамдағы осы құбылысқа теріс көзқарасын байқауға болатыны туралы айтып өтті.
Жоғарыда аталып кеткендей 100-аса оқушының арасынан 10 оқушының суреттері іріктеліп, бас жүлде иеленген №253 орта мектептің 9 сынып оқушысы Мүсілім Зерде, І орын иеленген Бекқұл Жания, ІІ орын иеленген Анасбаева Назерке Әділжанқызы және Қонысбек Торғын Саматқызы ІІІ орын иеленіп арнайы дипломдармен марапатталып, жүлделі сыйлар табысталды.
Сайысқа қатысушылар елеусіз қалдырылмай ынталандыру сыйлары берілді.

