Шөлейттегі қасқырлар

А. Жылқайдаров
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының бөлім басшысы

Қасқыр (лат. Canis lupus) — жыртқыш аң. Аталық қасқырдың салмағы шамамен 50 кг, ал аналықтың салмағы 45 кг болады. Тұрғылықты жері жердің солтүстік жарты шеңберінде өмір сүреді.

Қасқырлар – топ-топ болып үйірлер құрып тіршілік ететін жыртқыштар. Үйірде ересек аталық пен аналық, яғни басты жұптан және олардың ұрпақтары мен бірнеше туыс емес қасқырлардан тұрады. Қасқырдың бөлтіріктері ата-анасымен 10-54 айға дейін бірге тұрады. Үйірді «көсемі» басқарады. Басты жұп ұрпақ көбейту үшін қосылады. Үйірде басты еркек қасқыр мен ұрғашы қасқырларға ғана ұрпақ әкелуге рұқсат етіледі. Үйірдің мүшелері жас бөлтірікке бірге қарап, бірге аңға шығады.

Қасқырлар да үй иттері секілді үреді, арсылдайды, қыңқылдайды, қыңсылайды, ырылдайды және ыңырсиды. Әсіресе, олар қатты ұлиды. Қасқырлар бір-бірімен байланысу үшін дауыс шығарудан бөлек әр түрлі дене қимылдарын да жасайды. Олар өздерінің ашулы екендігін көрсету үшін тістерін ақситып, басшы екендігін көрсету үшін құйрықтарын бұлғаңдатады.

Қасқырлар етпен қатар жеміс-жидектерді де жейді. Сонымен қатар олар кішкене жәндіктермен, шұбалшаңдармен және өлекселермен қоректенеді. Олардың қорегі көбіне өздерінің өмір сүретін географиялық аймақтары мен маусымдарға тәуелді болады. Азық мол болған кезде олар өте көп қоректенеді. Алайда олар азықсыз бір аптадан аса жүре алады. Сұр қасқырлар бұғы, американдық бұлан, бұлан және солтүстік маралы секілді тұяқты жануарларға шабуыл жасайды. Ал мұндай үлкен жануарлар аз жерлерде олар қояндарды, тиіндерді, тышқандарды, тіпті құстарды аулайды. Жаз кезінде олардың қорегінің көп бөлігін құндыздар құрайды. Көптеген аймақтарда қасқырлар тіпті балықтарды да қорек етеді. Қызыл қасқырлардың қорегіне қояндар мен кеміргіштер сияқты сүтқоректілер, сонымен қатар жәндіктер,жидектер және кей кездері бұғылар да кіреді.

Қазақстанда қасқырлар шөлейт жерлерді, далалы және таулы аймақтарды мекендейді. Елімізде қасқырдың төрт түрі кездеседі: Солтүстік қасқыры – қасқырлардың ішіндегі ең ірісі. Оның ересегінің салмағы – 80 кг. Дала қасқыры далалы жерлерде, ал салмағы 40 кг болатын шөлейт қасқыры еліміздің оңтүстігі мен батысында кездеседі. Тау немесе тибет қасқыры таулы жерлерді мекендейді.

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында да шөлейт қасқырларының популяциясы кездеседі. Соңғы деректерге сәйкес қорық аумағында кездесетін қасқырлар саны – 44 басты құрайды.

Related posts