2024 жылғы 5 шілдеде №109-VIII ҚРЗ Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, “Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтырулар енгізіліп кылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша жеке-жеке кассациялық сот құруды қарастыратын заңға қол қойылды.
2025 жылдың 01-шілдесінен бастап елімізде кассациялық соттар өз қызметін бастайды.
Кассациялық сот төменгі сот шығарған шешімдерді қадағалайтын және түзететін сот жүйесінің бір түрі. Кассациялық соттардың негізгі міндеті – сот актілерін қабылдау кезінде заңдардыңдұрыс қолданылуы мен түсіндірулерінің сақталуын қамтамасыз етуі болып табылады. Төменгі сатыдағы соттың актісі заңсыз немесе негізсіз деп танылса, кассациялық сатыдағы сот оның күшін жойып, істі жаңадан сот талқылауына жіберуі немесе түпкілікті шешім қабылдауы мүмкін.Кассациялық тәртіпте заңды күшіне енген сот актілерін белгілі мерзім ішінде істерді мәнібойынша үш судья құрамында қарайды. Кассациялық сотта қарағаннан кейін шешімге шағымдануға мүмкіндік жоқ деген сөз. Сондықтан кассациялық соттың шешімі түпкілікті және орындалуы міндетті болады.
Кассациялық сот құру сот төрелігінің сапасын және азаматтардың жалпы соттарға деген сенімдеңгейін көтереді.
Қызылорда қаласының №2 сотының сот әкімшісі
М.Жусупбекова