Бабаларымыз Әкім болсаң әкім бол, Ел халқыңа жақын бол деп жөн сілтейді. Ол қазіргі тілмен айтқанда әкім ғана емес, барлық мемлекеттік қызметшілерге айтылып отырған жоқ па. Елге жақын болуы үшін қандай болуы керек, әрине «Бек болсаң қалқам берік бол, ішіңменен сыртыңа» деп жырлағанындай ішкі пиғыл мен сыртқы болмысқа өте мұқият болуы шарт. Шайырлар осылай тәлімдейді. Ал, қазір мемлекеттік қызметшілердің өз әдебі бар. Ол да осы ақындар айтып кеткендей алғаулы болмысты қалыптастырмақ. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі қандай қағидаттарға негізделеді дейтін болсаң:
- Адал ниеттілік-қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және жауапты қызмет ету;
- Адалдық-өз міндеттеріне шынай көзқарас;
- Әділдік-жеке және заңды тұлғалардың, қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау және кез келген мән жайларбойынша біржақтылық пен субективитілік себебінен адамдарды кемсітуге жол бермеу;
- Ашықтық-жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын екендігін көрсету және өз іс-қимылының ашықтығын қамтамасыз ету;
- Сыпайылық-азаматтар мен әріптестере дұрыс және құрметпен қарау;
- Клентке бағдарлану-мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толықтай бағдарлай отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.
Мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексіне сәйкес басшы және қоластындағы қызметкер барлық тұлғалардың құқықтары, бостандықтары және заңдық мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс.Азаматтар мен әріптестерімен қарым қатынас жасау кезінде сыпайылық және әдептілік танытып мемлекеттік қызметте қарым-қатынастың жоғары болуына ат салысуы керек. Мемлекеттік қызметшілер Әдеп кодексі нормаларының барлық талаптарын қатаң сақтауға тиіс. Мемлекеттік қызметші –ұлт пен мемлекеттің бет бейнесі оның табысты жұмыс істеуінің кепілі екенін әрдайым есте ұстау қажет.
Ел алдына шыққан соң ел талабынан өтуің керек. Себебі, сен елдің айнасысың, бетке ұстар тұлғасысың. Сондықтан ең бірінші түзеп ал татаусыз қып мінезіңді демекші ниет пен мінезді қолға алуға тиіссіз. Абройдан, ардан ештеңе артық емес. Міне, осындай болыңдар дейтіндей қызметкер атануға үздіксіз ұмтылыңыз, сонда ғана сіз үлкен жетістікке жетесіз.
Б. Төлегенова,
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетинің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы, әдеп жөніндегі уәкілі