Тентегін тезге салған ел

Қазақта «тентекті тентек десең бөркі қазандай болады» деп жағымсыз сипатты сипаттай отырып, оны тезге салу ел міндеті екенін ұқтырады. Өйткені жүгенсіз кеткен тентен бара бара елге қауіп төндіреді. Бабаларымыз «Әй дейді ажа, қой дейтін қожа» басбұзарларды бостан жібермеген. Мұндайда Сыр сүлейлерінің «Тәт деп, тәк деп таймасаң, Балақтағы бит басыңа, шыға алмайды демеңіз» деп келетін толғауына толқталмай кетпеске болмас. Шайырлардың меңзеуі қазақтағы жаза мен қоғам тәртібін біріктіре сөз етеді. Яғни жаза мен шара болмаса, тәртіп пен қағидат күйресе ел тыныштығы кетеді. Сол үшін билер, ажалар мен қожаларға жүгініп отырған. Бүгінде қандайда бір құқықбұзушылақ пен бұзақылық орын алып жатса құзырлы орындар тәртіпке шығарып, шара қолданып отырады.

Мәселен, Қызылорда қаласы № 2 сортымен 2022 жылы 21 іс 21 адамға қатысты қозғалған. Оның сотты болғаны 10 адам. 10 адам бас бостандығынан шектеліп, 10 өндірістен қысқартылған, 1 іс прокуратуға қайтарылған. Ал, 2023 жылы бір адамға қатысты 1 іс қозғалып, жәбіруленушімен татуласуына байланысты ол іс тоқтатылды.

Енді осы бұзақылық жайлы түсіндірмеге тоқталсақ. Бұзақылықтағы психикалық күш көрсету мазмұны жағынан, физикалық күш қолданбай-ақ, денсаулығы мен өміріне қарсы күш көрсетемін деп қорқыту арқылы жүзеге асырылады. Психикалық қорқытудың бұл түрі түрлі формада: “өлтіремін”, “бауыздаймын”, “сындырамын-құртамын”, “қырамын-жоямын” деген сөздермен, іс-қимылдармен, түрлі жарақаттар салуға болатын қару-жарақ көрсетумен болуы мүмкін. Топтасқан не жеке адамдардың бұзақылығы қандай жағдайда заң аясында жазаланады.

Өзгеге күш көрсету, қоғамдық орынды ластап бүлдіру деген жат қылықтардан аулақ болып, өзімізді тәрбиелі ұстау өз өмірімізді өзіміз сақтауымыз, жастарға үлгі болуымыз. Сондықтан тек жүрсең тыныш жүресің дегендей тәртіпке бағына білейік.

Алиби Зейнулла,
Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы

Related posts