2025 жылдан бастап еліміздің сот саласына жаңашылдық енізіліп, кассациялық сот құру бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотында кассациялық сот құру мәселелері қарастырылды.
Жалпы, кассациялық соттардың құрылуы кезінде олардың тиімді жұмыс істеуі, судьялардың шынайы тәуелсіздігін қамтамасыз ету, судьялық лауазымдарға ашық және жария түрде іріктеу қажеттілігі мәселелеріне ерекше назар аудару қажет екендігі қарастырылды.
Атап айтқанда, кассациялық сотты тәжірибеге енгізу сотқа кететін қаржыға нұқсан келтірмей, азаматтардың ұсыныс-талабын ескере отырып шешім шығаруға мүмкіндік болады. Мемлекетбасшысының кассациялық сот құру туралы ұсынысы қазір қоғам тарапынан талқыланған. Ең бастысы, бұл кассациялық орган толық тәуелсіз болғаны жөн деген пікірлер айтылуда.
Алайда Жоғарғы Сот бұл нәтижемен тоқтап қалмай, төрелікке деген сенімді қалыптастыруға түрткі болатын тетіктерді жан-жақты қарастыруда. Атап айтқанда, негізгі бастама ретінде кассациялық сот құру басты назарда тұрғаны сөзсіз.
Сот істері мен материалдарын кассациялық сатыдағы сот ретінде қарайды. Сонымен қатар сот практикасын зерделейді және оны жинақтау қорытындылары бойынша төмен тұрған сот сатыларының сот төрелігін іске асыруы кезінде заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды.
Қорыта айтқанда, кассациялық сот құру еліміздегі сот жүйесінің дамуына өз үлесін қосып, халықтың сот әділдігіне деген сенімін арттырады.
А.Куншыгарова Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу соты әкімшісінің басышсы