Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «QazaqGaz Aimaq» АҚ ҚӨФ-ның тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау қызметтеріне 2026-2030 жылдарға берілген тарифтерінің жобасын талқылау бойынша жария тыңдау өтетінін хабарлайды.
Жария тыңдау 2025 жылғы 24 қазанда сағат 11-00-де Қызылорда қаласы, Қазыбек Би көшесі, 21, «А.Тоқмағамбетов атындағы» мәдениет үйі мекенжайда өткізіледі.
Жария тыңдауға депутаттар, жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары, үкіметтік емес ұйымдар, тәуелсіз сарапшылар мен тұтынушылар шақырылады.
Сонымен қатар, барлық аудандардың тұрғындары және басқа да мүдделі тұлғалар Департаменттің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында онлайн режимінде қоғамдық тыңдауға қатыса алады (https://www.facebook.com/profile.php?id=100030142456862). онлайн режимінде кез-келген адам сұрақтар қойып, жауап ала алады.
Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады:
8 (7242) 26-23-67, 27-79-74.