Есірткісіз  өмір  ғажайып!

Қазіргі қоғамның ең өзекті және қауіпті дерті – есірткіге тәуелділік. Бұл тек жеке тұлғаның ғана емес, бүкіл ұлттың болашағына балта шабатын кесел. Есірткі – адамның өмірін, оның жарқын армандарын, болашағын қолды қылатын, жойқын күшке ие улы зат. Сондықтан да әрбір азамат, әсіресе өсіп келе жатқан жас ұрпақ, оның залалын терең түсініп, есірткісіз өмірдің шынайы ғажайып екенін сезінуі тиіс.

Есірткі аз уақытқа алдамшы ләззат сыйлағанымен, оның соңы – қайғы-қасірет пен опыққа апарар даңғыл жол. Денсаулықтың күрт төмендеуі, ауыр психологиялық күйзеліс, отбасы мен достардың ортасынан оқшаулану – міне, бұл нашақорлықтың ащы және қатыгез шындығы. Есірткі адамды өз еркінен айырып, өмірлік мәнін жоғалтуға мәжбүрлейді.  Ал есірткісіз өмір – бұл шексіз еркіндік, шынайы қуаныш және орындалған армандар. Таза өмір сүрген адам өз мақсатына еркін жетеді, қоғамға пайдасын тигізеді және өзін-өзі дамытады. Ол спортпен белсенді шұғылданады, өнерге құмартып, білімін үздіксіз арттыра алады. Денесі сау, ойы анық, жүрегі таза адамның өмірі – шын мәніндегі бақыт!

Сондықтан, бұл таңдауды әрқайсымыз өзімізден бастайық: салауатты өмір салтын қағида етіп ұстанайық, зиянды әдеттерден барынша аулақ болайық. Достарымызды, туған-туыстарымызды, таныстарымызды да осы ізгі бағытқа шақырайық. Себебі есірткісіз өмір – жарқын болашаққа, бақытты да мағыналы ғұмырға апаратын жалғыз дұрыс жол!

Нұрланқызы Нұрдана
Қызылорда қаласы
№257 орта мектеп
8 сынып оқушысы

Related posts