Ардагерлер арасында сайыс өткізілді

Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ерлік — елге мұра, ұрпаққа ұран» патриоттыққа тәрбиелеу бойынша» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 05 мамыр күні сағат 11.00-де «Grand Billiard Hall» ғимаратында үкіметтік емес ұйымдардың арасында сайыс өткізілді.

«7 Мамыр – Отан қорғаушылар» күніне орай отанымызды қорғауда елеулі еңбек еткен үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерінің арасында дойбы және бильярдтан сайыс өткізілді.

Ұйымдастырылған сайыстың мақсаты отанымызды қорғауда елеулі еңбек еткен алдыңғы буын ағалар мен ардагерлерді мерекесімен құттықтау болып табылады.

Облысының қоғамдық даму басқарманың азаматтық қоғам институттарымен жұмыс бөлімінің басшысы Бибарыс Елтайұлы, бас маман Сымбат Бимағанбетова ерлігімен елге танылған алдыңғы буын ағалар мен ардагерлерді мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.  Сайыс соңында жеңіпаздарды анықтап, дипломдар, алғыс хаттармен және жүлделі сыйлықтармен марапаттады. Сайыс соңында қатысушыларға арнайы мерекелік дастархан ұйымдастырылды.

Related posts