Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Аймақта отбасылық-демографиялық саясатты дамыту» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 12 мамыр күні Шиелі, Жаңақорған ауданында «Ақ отау» жас отбасыларға арналған семинар-тренинг өткізілді. Экономика ғылымдарының кандидаты, тренер Тажиева Зейнар Достанқызы жанұя берекесін сақтау, бала тәрбиесіне көңіл блу, отбасы бюджетін реттеу жене оларға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында жас отбасыларға бағыт-бағдар берді.


Жиналғандарға отбасы құндылықтарын дәріптеу, бала тербиесі, қоғам алдындағы жауапкершілік жайында сөз қозғады. Кейін семинар-тренингке келген жас отбасылардың ұсыныс-пікірлеріне құлақ асып, оларды толғандырған сұрақтарға жауап берді.
Шара соңында семинар-тренингке келген жастар тренер Тажиева Зейнар Достанқызына ризашылықтарын, жылы лебіздерін білдіріп, алдағы уақытта осындай семинар-тренингтерді көптеп өткізіп тұруға пікірлерін білдірді.