Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 17 мамыр күні тұрғындары арасында құқықбұзушылық, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру бойынша акция өткізілді. Акция барысында «Отырар», «Қорқыт», «Айтбек» сауда орталықтарында , халық көп шоғырланатын орындарға сыбайлас жемқорлық көріністері көп орын алған жерлерге ақпараттық стикерлер таратылды.

