Жалағаш ауданы қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес «Аудан көлемінде діни экстремизмінің алдын алу бағытындағы шаралар» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж 24 мамыр күні «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ұлттық құндылықтарды насихаттау бағытында «Дәстүр-салтым — тамырым, діннен алған тағылым» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуде Республикалық және облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Бақтияр Оспанов, Республикалық және облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, салт-дәстүр зерттеуші, «Салт пен Сана» кітабының авторы Сәкен Алдашбаев сөз сөйлеп, дін мен дәстүр бірлігіне кеңінен тоқталып өтті.


Біздің рухани құндылықтарымыз – ата дініміз бен ата дәстүріміздің терең тамырлы байланысының тағылымды туындысы. Сондықтан дін мен дәстүр бірлігі – өткеніміздің тарихы, болашағымыздың кепілі.
Елдің рухани тұтастығын сақтауға ықпал ететін басты құндылықтардың бірі болып табылатын ата дініміз салт-дәстүрімізбен берік ұштасып, елдің берекесін келтіруде. Елдегі діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспар» аясында жүзеге асырылуда. Кездесуге қатысушылар ұсыныс-пікірлерін айтып, өз ойларымен бөлісті.