Ауған соғысының ардагері жастармен кездесті

Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ерлік — елге мұра, ұрпаққа ұран» патриоттыққа тәрбиелеу бойынша әлеуметтік жобасы аясында ерлігімен елге танылған алдыңғы буын ағалар мен жастардың кездесулерін ұйымдастыру мақсатында ү.ж 19 мамыр күнә күні сағат 11.00-де Қазалы ауданында және сағат 16.00-де Арал ауданында Ауған соғысының ардагері, «Ерлік» үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Баймаханов Қайраддин Әлібайұлының жастармен кездесуі өтті.

Кездесу барысында жастарға отанды сүю, әскери борышын орындаудың маңыздылығын және еліне қызмет ету, жас ұрпақтың патриоттық рухын көтеру жөнінде сөз қозғады. Тәрбие тал бесіктен дегендей жастарды бала кезінен патриоттыққа, отансүйгіштікке, нағыз ер азаматтың бойынан табылу керек қасиеттерге баулу керек екендігін тәрбиелеу керек екендігін және елімізді тұтастығы, татулығы, тыныштығы болашақ өскелең жас ұрпаққа байланысты екенін айта өтті.

Кездесу соңында Баймаханов Қайраддин Әлібайұлын жиналушылардың көкейтесті сұрақтарына жауап беріп пікір алмасты. Жиналушылар ұйымдастырушыларға жылы лебіздері мен алғыстарын білдіріп, тағыда осы сынды кездесулерді өткізіп тұруға өз пікірлерін білдірді

Related posts