Үстіміздегі жылдың 02 маусым күні Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында Сол жағалау 5А ҮЕҰ-дың ресурстық орталығында Қызылорда облысы бойынша МКД басшы орынбасары- Бекшин Қуанышбек Махметұлы және Қызылорда қаласы бойынша МКБ басшы орынбасары-Жүсіпов Ашраф Шағдатұлының қатысуымен Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Бекшин Қуанышбек Махметұлы салықтық және кедендік әкімшілендіру мен Мемлекеттік кірістер органдарымен көрсетілетін қызметтерге тоқталды. Жиын барысында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері «Бөлшек салықтың арнайы салық режимі», «Жеке тұлғалардың банкроттығы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» және де салық саласына қатысты сұрақтарын қойып, маңызды ақпараттар алды.