Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру

Мемлекеттік қызмет-мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биликтің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызмет.

Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру осы әлеуметтік институттың тиімді қызмет етуіне және дамуына қажетті жағдай, сонымен қатар мемлекеттік органдар қызметтерінің және мемлекеттік қызмет жүйесінің тиімділігін арттыруға арналған жағдай болып табылады. Осы уақытта мемлекет мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеру қажеттілігіне қатысты мәселелерге үлкен назар аударып отыр.

Мемлекеттік қызметші үшін өзіне шектен тыс сенімді болу, қызметтестеріне, бағыныштылары мен келушілерге шыдамсыздық көрсету үлкен қателік.Қоғамдық пікірді есепке ала отырып, өз өзіне жоғары талап қоя білу мемлекеттік қызметшінің өзін –өзі ұдайы жетілдіру ғана емес, өзгелерден сондай жетілуді талап ету болып табылады. Талап қоя, сұрай білуде-мемлекеттік қызметшінің кәсіптік имиджінің моральдық кодексінің талаптарының бірі.

Мемлекеттік қызметшіге қажет бір қасиет-тыңдай білу. Тыңдай білу сөлеушінің сөзін мақұлдау ғана емес, оның ойына, сезіміне ортақтасу.Мемлекеттік қызметтің имиджі мемлекеттік орнадармен халыққа көрсетілген қызметтік сапасына байланысты.Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру шеңберінде: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы одан әрі жетілдіру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы одан әрі жетілдіру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттылықта мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының этикалық нормаларын нығайту.Халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру, ар намыс кодексін қатаң әрі мүлтіксіз сақтауға тәрбилеу. Мемлекеттік қызметтің имиджі мемлекеттік органдармен халыққа көрсетілетін қызметтік сапасына байланысты.

Заң талаптарымен толық келісіп өмір сүруі өте маңызды. Кез келген орында, кезкелген қызметте, қандай да жағдай болмасын өз елінің халқы мен азаматарының сенімін жоғалтпай жұмыс істеу керек. Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділеттіліктің, сыпайылықтың өнегесі болуы және адамдар арасында өзін ұстай білуі керек. Ұжымды басқармай тұрып, өзі бағына білу керек.

А.Жылкелді,
Қызылорда қаласының
№2 сотының бас маман
сот отырысының хатшысы

Related posts