Облыс тұрғындары арасындағы құқық бұзушылыққа, қылмыстылыққа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатындағы сурет байқауының ережесі

«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!» тақырыбындағы сурет байқауы. 

Ұйымдастырушы:

Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы, «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қоры.

Қатысушылар:

          Қызылорда облысы тұрғындары

Жалпы ережелер

Облыс тұрғындарының арасындағы құқық бұзушылыққа, қылмыстылыққа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатындағы сурет байқау ережесі оның мақсатын, міндеттері, форматы мен өткізу тәртібін анықтайды.

Байқаудың мақсаты:

Тұрғындар арасындағы Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мақсатында көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби бағдарын ынталандыру үшін жағдай жасау.

Байқаудың міндеттері:

1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, қосымша көркем білім беруді дамыту, білім алушының тұлғасын тәрбиелеуде, оқытуда және шығармашылықта дамытуда балалар көркем мектептерінің рөлін арттыру;

2) Қатысушылардың ой-өрісін кеңейту, өздерінің көркем қабілеттерін, дағдыларын, қиялын және даралығын көрсету мүмкіндігі;

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

  1. Облыс тұрғындары арасындағы Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мақсатында өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру,ел мен жердің қадір қасиетін ұғынуға тәрбиелеу;
  2. Тұрғындар арасында жемқорлыққа қарсы  және рухани-патриоттық сезімін ояту, Отанға сүйіспеншілігін арттыру, азаматтық, адамгершілік қасиеттерін дамыту, мемлекеттімізді мақтан тұтуға тәрбиелеу.
  3. Тұрғындар, жастар арасында  суретшілердің талабын шыңдау. Балаларды шығармашылық әрекетке тарту, бейнелеу өнеріне қызығушылығын дамыту.

Байқау шарттары:

— суреттер кез келген материалда (ватман, картон, кенеп және т.б.), кез келген сурет салу техникасында (майлы бояу, акварель, тушь, түрлі-түсті қарындаш және т.б.) орындала береді.

— байқауға жіберілетін жұмыстар А4 (210х290) форматынан кем емес  және А3 (420х580) форматынан үлкен болмауы керек.

         Байқау жұмысына қоса, автор туралы төмендегі ақпараттар берілуі керек:

1) Тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы;

2) Тұрғылықты мекен-жайы.

3) Байланыс номері және электронды мекенжайы.

Өтініштерді жинау 2023 жылдың  20 шілдеге дейін жүргізіледі. Байқау қорытындысы 2023 жылдың 27 шілдеде, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді.

Байқау ережесі бойынша қазылар алқасының шешімімен «үздік» деп танылған 3 жұмыстың иелері жеңімпаз болып саналады.

Байқауды қорытындылау және қатысушыларын марапаттау:

Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Байқаудың өткізілу тәртібі:

Байқауға қатысушы үміткерлер 2023 жылдың 20 шілдеге дейін өзі туралы толық ақпаратты және мақаласын Сол жағалау 5А, Музей мекен-жайына алып келулеріңізді сұраймыз.

Қосымша ақпарат: 8 707 316-49-25 ватсап номері арқылы алуға болады.

Related posts