Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 05 шілде күні Сол жағалау 5а, ҮЕҰ-дың ресурстық орталығында Қызылорда облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Сүлейменов Ерқасым Жайбергенұлының үкіметтік емес ұйым мүшелерімен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Ерқасым Жайбергенұлы тұтынушылардың талабы, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бекітілген тізбесі, олардың бағаларын тұрақтандыру және сауда қызметін реттеу үдерісінде туындайтын құқықтық мәселелер туралы айтып өтті
Кездесу соңында ҮЕҰ өкілдерінің тарапынан қойған өзекті сұрақтарына жауаптарын берді.


