Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Аймақта отбасылық-демографиялық саясатты дамыту» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж 11 маусым күні Сол жағалау 5а, ҮЕҰ-дың ресурстық орталығында қыз-келіншектерге, аналарға арналған «Нәресте-күтімі» тақырыбында балаларға арналған кеңес беру, массаж түрлерін үйрету мақсатында «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы КММ мамандары Ақмарал Алмағанбетова мен Салтанат Темиргалиеваның қатысуымен шеберлік сағаты өткізілді.
Шеберлік сағатында білікті мамандар нәрестеге жасалатын массаж түрлерін, балаларға қойылған диагноз бойынша масаж түрлерін үйретті. Бала күтіміне қатысты жас аналар ескеруі керек кеңестер берді. Нәресте күтіміне ерекше көңіл бөлу керектігін соның ішінде, нәрестені шомылдыру және дене тазалығы, нәресте тамағы, баланы емізу ережелері және осы сында аналарға өте қажет болатын пайдалы кеңестер айта өтті.
Шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, пікір алмасты.

