Ұлттық дәстүрді дәріптейтін байқаулар ұйымдастырылды

2023 жылғы 5 шілде күні Сырдария аудандық мәдениет үйінде Қоғамдық даму бөлімінің «Сырдария ауданы көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» әлеуметтік жобасы аясында «Жалынды жастар» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ұлттық киім – халық қазынасы» атты ұлттық киімдер және «Ұлттық салт-дәстүрлер бабадан қалған мұра» көркем сурет байқаулары ұйымдастырылды.

Байқауларға Сырдария ауданының барлық ауылдық округтері және кент тұрғындары қатысты.

Қазылар алқасының шешімі бойынша, келесі орындар анықталды:

Ұлттық киімдер байқауы:

І орын – Лаззат Бакирова (100.000 теңге);

ІІ орын – Примбетова Алия (70.000 теңге);

ІІІ орын – Альбатырова Роза (25.000 теңге);

ІІІ орын – Сәрсенбекова Қаракөз (25.000 теңге).

Қалған қатысушылар 15.000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы.

Көркем сұрет байқауы:

І орын – Бердіхан Нұрасыл (20.000 теңге);

ІІ орын – Базарбек Ақнұр (15.000 теңге);

ІІІ орын – Музарапова Айзере (10.000 теңге);

Қалған қатысушылар 5.000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы.

Қазылар алқасының мүшелері:

Сырдария аудандық мәдениет үйінің әдіскері Толғанай Мұратқызы, мәдениет үйінің хореографы Ақмарал Пернебайқызы және аудандық музейдің суретшісі Шөжеев Әділбек.

Related posts