Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 12 шілде күні қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ғимаратында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында сұхбат алаңы өткізілді.
Негізгі мақсаты: тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.



Шара барысында құқықбұзушылық, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және тағыда басқа бірқатар мәселелер туралы түсіндіріліп ақпараттар берілді.
Шараға спикер ретінде Қазақстан Заңгерлер одағының мүшесі, «Әділет» құқықтық қызмет көрсету орталығының жетекшісі, Заң консультанты Дәулет Ізбасарұлы және облыстық қоғамдық даму басқармасының заңгері Берікбай Назерке Әділжанқызы қатыстырылды.
Шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған өзекті сауалдарға жауап берілді